Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Халықтың көші-қоны және шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы өзекті проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды реттеу жолдары талқыланды.
«Кәсіпкерліктің әрбір субъектісі қазақстандық жұмысшылар үшін тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті. Шетелдік жұмыс күші бізде мұндай мамандар болмаған жағдайда ғана тартылуы тиіс», - деп атап өтті қадағалау ведомствосының басшысы.
Сондай-ақ, облыс прокуроры «уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдауы қажет» деп атап өтті.
Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша оның мүшелері мен шақырылған мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыныстар берілді.