«Nur Otan» партиясының праймеризінде дауыс беру онлайн режимде өтеді

«Nur Otan» партиясының праймеризі 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Мақсаты - алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарды сайлауға партиялық тізімдерді бәсекелік негізде қалыптастыру.⠀

«Nur Otan»партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың айтуынша, жаңа ережелер барлығына, әсіресе, жасы мен жынысына қарамастан сайлауға енді қатысатын адамдарға бірдей мүмкіндік береді.

⠀ - Праймериз немесе партияаралық сайлау дегеніміз - саяси партиядан бір кандидатты сайлау. Партияаралық сайлаудың жеңімпазы негізгі сайлауда басқа партиялардың кандидаттарымен бәсекеге түседі. Бүгінгі күні біз барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтадық, 9 комитет құрдық, оған қосымша 9 есеп комиссиясын жасақтадық. Дауыс беру 84 сайлау учаскесінде онлайн режимде өткізіледі. Тек Құрманғазы ауданы Асан шалғай ауылында дауыс беру дәстүрлі түрде қағаз бюллетендермен өтетін болады,- деді Нұрлыбек Ожаев.

Айта кетейік, Атырау облысында 111 бастауыш партия ұйымы бар. ⠀

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT