Махамбет аудандық сотында талап қоюшы жауапкерден қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Аудандық сотта талап қоюшы К-ның жауапкер А-ға берешекті өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс судьямен татуластыру рәсімін жүргізу кезінде татуласты.
Сотпен талап қоюшы К-ның жауапкер А-ға берешекті өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша дау (жанжал) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімдері келесі шарттар бойынша бекітілді:
Жауапкер А. 2021 жылдың мамыр айына дейін талап қоюшы К-ға 300 000 теңгені төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы К. жауапкер А-ға қатысты талабынан бас тартты. Азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Аудандық соттың баспасөз қызметі