Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев науқас балаларды тәрбиелейтін балабақша мен мектеп тәрбиешілерінен келіп түскен өтініштер жауапсыз қалмайтынын Твиттер аккаунтында жариялады.
"Менің атыма науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің тәрбиешілерінен олардың құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақыларын көбейту жөнінде өтініштер келіп түсуде. Үндеріңіз маған жетті. Келесі жылы Үкімет осы мәселені қарастырады", - деп жазды Мемлекет басшысы. Бұған дейін Тамыз конференциясында Президент ұстаздардың жалақысын екі есе өсіруді тапсырған болатын.
Өз тілшіміз
Сурет дереккөзден