АСТАНА. KAZINFORM – Арнайы бизнес өкілдері үшін бірнеше байланыс арналары ашылды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа мемлекеттік цифрлық сервис — қазақстандық тауар өндірушілер реестріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Арнайы бизнес өкілдері үшін бірнеше байланыс арналары ашылды.
— ОТӨ реестріне қатысты сұрақтарға министрліктің 1465 тегін нөмірі арқылы жұмыс істейтін call-орталығы, e-Otinish порталы арқылы және
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтында қазақстандық тауар өндірушілер реестріне арналған жеке бөлім ашылып, онда жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар мен түсіндірме материалдар орналастырылды, — делінген хабарламада.
Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі — тауарлардың отандық шығу тегін растауға арналған мемлекеттік цифрлық сервис. Жүйе ашықтық пен цифрлық верификация қағидаттарына негізделген және кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шараларын алуын және реттелетін сатып алуларға қатысуын жеңілдете түседі.
— Онлайн-кеңес беру арналарын құру арқылы бизнеспен бүркемесіз ашық диалог құрылады, бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жүйелі жұмысының бір бөлігі, — делінген хабарламада.
Айта кетелік биыл отандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылатыны туралы жазған едік.


