Қазақстанда екінші орталық жүрек ауыстыру отасын енді өз бетінше жасай алады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы кардиологиялық орталығы ресми түрде жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті медициналық ұйымдар тізіміне енгізілді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады

 Бұл шешімді Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы мен «University Medical Center» (UMC) корпоративтік қоры бірлесіп қабылдаған.

Осылайша, Алматы кардиоорталығы UMC орталығынан кейін Қазақстанда жүрек трансплантациясын өз бетінше жасау құқығына ие болған екінші медициналық ұйым атанды.

Мекемеде жоғары күрделі отаны орындауға қажетті барлық жағдай жасалған: жоғары білікті кардиохирургтар, анестезиологтар мен реаниматологтар жұмыс істейді. Сонымен қатар заманауи диагностикалық және емдеу әдістері енгізіліп, халықаралық стандарттарға сай жоғары технологиялық жабдық орнатылған.

— Қалалық кардиологиялық орталықтың трансплантациялық орталықтар тізіміне енгізілуі — отандық кардиохирургияның дамуы жолындағы маңызды қадам. Бұл Алматы тұрғындарының жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады және оның сапасын жаңа деңгейге көтереді, — делінген басқарма таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 43 жастағы ер адамға жүрек трансплантациясы жасалғанын хабарлағанбыз.

Жалпы еліміз бойынша 4 мыңнан астам адам трансплантация кезегінде тұр. Оның ішінде 3 723 науқас бүйрекке мұқтаж.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT