Кей әлеуметтік желілерде – «Атырау облысы аумағындағы сауда нүктелері 5 қаңтарға дейін жабық болады», деген жалған ақпарат тараған.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған қатысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау базарлары мен сауда орындары әдеттегідей қалыппен жұмыстарын жалғастыратынын айтты.
Олар дүйсенбі және жұма күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
Санитария шараларының күшейтілуіне байланысты тек жексенбі күні жұмыс істемейді.
Атырау облыстық коммуникациялар қызметі
Сурет:дереккөз