Атырауда мейрамханалар карантин шектеуін бірнеше рет бұзған

Атырауда карантиндік шектеулерді бірнеше рет бұзған мейрамханалар анықталуда.

Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев мәліметінше, карантин шектеуін елемей, жұмыс істеген бірнеше мейрамхана анықталған.

«26 желтоқсан күні түнгі сағат 22:30 шамасында Студентческий даңғылында орналасқан "Тофу” мейрамханасы сағат 22:00-ден кейін жұмыс жасап тұрғандығы анықталды. Аталған мейрамхана ішінде шамамен 60-қа жуық адам болған. Айта кететіні, бұл мейрамхана бұған дейін де карантин режимін екі рет бұзған. Ал, 26 желтоқсан күні сағат 23:40 шамасында, Жансүгіров көшесінде орналасқан "Ak's rezervе” мейрамханасы сағат 22:00-ден кейін жұмыс жасап тұрғандығы анықталды. Аталған мейрамхана ішінде шамамен 20-ға жуық адам болған. Бұл мейрамхана да бұған дейін екі рет карантин режимін бұзды»,- дейді Ерлан Биғамбаев.

Сонымен қатар, «Жансезім», «Гүлсезім» азық-түлік дүкені шектеулі уақыттан кейін де жұмыс істеген. Ал, «Лото» ойын клубының тыйым салынғанына қарамастан жұмыс істеп тұрғаны анықталған.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT