"Мен енді арбада отырудан ұялмаймын": "Талшын" инклюзивті театрының актері жаңа хоббиі туралы айтты

Атырау Ретро-паркінде "Талшын" инклюзивті театрының концерті өтті. Әртістер мүгедектер арбасында билеп, қазақтың танымал халық әндері мен заманауи әндерін орындап, көрермендерді қуантты.

Бұл инклюзивті "Талшын" театрының үшінші концерті. Шығармашылық жобаны "Біз де адамбыз" қоры "Теңізшевройл" компаниясының қолдауымен жүзеге асыруда. 

⁃ Ұжымның алғашқы концерті Наурыз мерекесіне орайластырылды, ал жазда театр Атырау тұрғындарын жағалауда өнер көрсетумен қуантты. Тамыз айында "Бір түп алма ағашы" отбасылық драмасының тұсаукесері өтті, ол көрермендердің көңілінен шықты, - деді "Біз де адамбыз" қоғамдық қорының жетекшісі Гүлназ Космурзиева. 

Көптеген қатысушылар үшін театр өздеріне деген сенімділікті арттырып, ішкі кедергілерді жеңе алатын орынға айналды.

- Жарақат алғаннан кейін адамдармен кездесіп, үйден шыққым келмеді. Бірақ үш жылдан кейін достарымның кеңесі бойынша "Біз де адамбыз" қоры жүзеге асыратын "Мүгедектігі бар адамдарды тиімді оңалту" жобасына келдім. Содан бері менің өмірім 180 градусқа өзгерді. Арбамнан ұялуды қойдым. Театрдың ашылуы арқасында алғаш рет сахнада өнер көрсеттім. Спектакльде басты рөлдердің бірін ойнадым. Театр біз білмейтін мүмкіндіктерді ашты, - деді театр қатысушыларының бірі Жасұлан Қабдолов

Айта кетейік, жыл басынан бері "Талшын" инклюзивті театрының қызметі аясында вокал, хореография, актерлік шеберлік және шешендік өнер бойынша үйірмелер жұмыс істейді. 

Баян Жанұзақова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT