Ел ертеңі үшін маңызды қадам

Өздеріңіз де оқып, біліп жүрсіздер, әлемнің отыздан астам елінде атом электр станциясы бар. Оларда 400-ден астам ядролық реактор жұмыс істеп тұрса, 60-сы жаңадан салынуда. Ал әлемдегі ең қуатты атом электр станциялары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция сынды бірқатар елде орналасқан. 

Экономикамыз қарқынды дамып келеді, халық саны 20 миллионнан асты. Ілгері дами беру үшін АЭС салудың маңызы зор. Мен физика-математика ғылымдарының докторы ретінде айтарым, қазіргі заманғы реакторлар жаңа буын технологияларымен жабдықталған. Оларды ғылымда III және III+ буын реакторлары деп атайды. Олар автономды салқындату жүйелерімен, қауіпсіздік жүйелерінің қосарлы резервімен және радиоактивті материалдардың қоршаған ортаға таралуын барынша шектеу технологияларымен қамтамасыз етілген.

Сол үшін АЭС-тің қауіпсіздігін алаңдаулы халықтың қаупін сейілту үшін түсіндіру жұмыстары белсенді жүруі керек.

Ерсайын ИХСАНОВ,

 

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT