Мемлекеттік тіркеудің міндеттері

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу орналасқан жері өзгергенде, жаңа редакцияда жарғы (ереже) қабылданғанда, басшысының ауысуы кезінде, қызмет түрлерін өзгерту кезінде жүргізіледі.

Заңды тұлғаның тұрғылықты жері ауысқан кезде, тұрғылықты жерін ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзім ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тіркеуші органды нақты мекенжайы жөнінде хабардар етеді. Тұрғылықты жері ауысқанын ақпараттық базасында өзектендіру үшін заңды тұлғаларға уәкілетті органның мөрімен бекітілген (мөрі болған жағдайда) шешімі немесе шешімнің көшірмесін және де жаңа мекен-жайын растайтын құжат пен құқық белгілейтін құжатты қоса бере отырып, тіркеуші органды жазбаша хабардар етуі қажет.

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкіл- діктерді есептік тіркеу» нұсқаулығының 56 тармағына сәйкес, заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар бұл жалдау, сатып алу-сату шарттары, қозғалмайтын мүлікке құқықтың тіркеу жүргізілгендігі туралы мөртабан басылған жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның тұратын жері ретінде бергені туралы нотариалдық куәландырған келісімі табыс етіледі. Басшысы ауысқан кездегі өзгерістерді енгізуді мемлекеттік тіркеу:

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 2 бабына сәйкес, бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу әділет органдарының қызметіне жатады. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу тіркеуші органдармен уәкілетті органға ұсынылатын заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) жайлы деректерді есепке алу және өзектендіру жолымен жүргізіледі. Заңды тұлғалардың ақпарат- тық базасында басшысының ауысымын өзектендіру үшін жаңа басшының тағайын- далғаны туралы уәкілетті органның мөрімен бекітілген (мөрі болған жағдайда) шешімі немесе шешімнің көшірмесін және жаңа басшының жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, тіркеуші органды жазбаша хабардар ету қажет. Жоғарыда аталған мем- лекеттік тіркеу түрлері хабарламалық сипатта жүргізіледі және тіркеуші органның (Әділет басқармасының) кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Н.КҮЗЕМБАЕВ,

аудандық Әділет басқармасының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521