Мекемеде қаймаққа араластырып есірткі өткізбек болған

Қаймақ ішінде жасырылған есірткі табылды.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде сәлем-саухаттарды тексеру барысында қаймақтың ішіне жасырынған өзіне тән иісі бар, жасыл түсті шөп табылды.

- Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде мекемеде ҚР ҚК 99 бабы бойынша ұсталынып отырған 18 жастағы күдіктіге арналған заңсыз сәлемдеме жетпеді. Мекемеге Атырау облысы Полиция Департаментінің Жедел-тергеу тобы шақырылып, күдікті азамат ұсталды, - дейді УГ-157/1 мекемесінің күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек РАХМАНОВ.

Нәтижесінде 24-жастағы «курьер» ұсталып, тергеу амалдары жалғасуда.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT