Мақсат - қолөнердің бәсекеге қабілеттілігін көрсету

Мен МӘК-ке мұқтаж емеспін: атыраулық жеті баланың анасы

Атырауда «Көрпе Fest» мегафестивалі өтті. Шараның бастамашысы - белгілі этнодизайнер, қолөнер шебері, «Құрмет» орденінің иегері Ырза Тұрсынзада. Оқу курстарына аймақтың 150 тұрғыны қатысты.

k

Айта кетейік, Атырауда мұндай мегафестиваль алғаш рет өтіп тұр. Фестиваль мақсаты - ұлттық өнерді насихаттау, әлемге қолөнердің бәсекеге қабілеттілігін көрсету. Атырауда Ырза Тұрсынзаданың шарасы аясында көп балалы, аз қамтылған, жұмыссыз әйелдерге ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сыныптары өтті. Конкурс қорытындысымен облыстық әкімдіктің қолдауымен 25 үздік қатысушыға тігін машиналары сыйға берілді.

k

-7-8 балалы аналардың ұлттық қолөнердің арқасында өз еңбектерімен табыс тауып отырғандарының куәсі болдық, олардың көпшілігі мекенжай әлеуметтік көмегіне де мұқтаж емес. Қолөнер курсынан өткен әйелдер өз істерін ашып жатыр, уақыт өте келе отбасылық бизнестеріне айналдыруда. Бұл керемет. Біріншіден, олар ұлттық салт-дәстүрді сақтап, ұрпақтарына табыстайды, екіншіден, табыс тауып, жолдастарына көмектеседі, бұл үлкен еңбек. Осы оқу курстарын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевқа алғысымыз шексіз,-деді Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

k

Фестиваль аясында ұлттық өнерді қолдайтын әйел-кәсіпкерлерді марапаттау салтанаты өтті. Ерекше көрінген қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді.

k

-Мен жеті баланың анасымын, өткен жылы Ырза Тұрсынзаданың курсын аяқтап, тапсырыспен құрақ көрпе тіге бастадым. Қазір осы бастамам отбасылық бизнеске айналды, келінім екеуміз шағын цех аштық. Мен МӘК-ке мұқтаж емеспін және осы арқылы табыс тауып отырғанымды мақтан етемін,-деді Премьер-министрдің орынбасарына Исатай ауданының тұрғыны Жанар Қадырова.

Еске салсақ, «Көрпе Fest» мегафестивалінің ашылуы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтті. Фестиваль барлық аймақтарда ұйымдастырылады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT