Мамандығым мақтанышым

Жалпы менің ішкі істер органында еңбек еткеніме 19 жылға жуықтады. Алдымен Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжін, Батыс Қазақстан инженерлік-гумаритарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдадым. Менің полиция органдарындағы қызметім 2000 жылдан басталды.

Мен 2000-2004 жылдары Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінің кеңсе маманы болсам, 2004-2012 жылдары аралығында ішкі істер бөлімінің ақпараттық техникалық тобында техник лауазымын атқардым. 2012 жылдың 23 қарашасынан бері Махамбет аудандық полиция бөлімінің ақпараттық-аналитикалық тобының аға инспекторымын. Осы 18-19 жыл құқық қорғау саласындағы өмірім бейне баспалдақтай.

Полиция органдарында қызмет атқару оңай емес екенін көп адам түсіне бермейді. Бұл жолдар өмірімнің бір белесі сияқты. Жалпы әр саланың өз майталманы болады. Әр адам жас кезінен қызметке тұрақтап, қызығы мен шыжығын көріп, ыстық-суығына күйіп жатады. Жұмысы уақытпен шектелмейтін мереке күндері де қызметінте жүретін қоғамдық тәртіпті қорғау саласында қызмет ету тіптен қиын. Кез келген уақытта күн-түн демей, шақыртып алатын бұл қызметтің қым-қуаты көп. Бұл қызметті тек өз жүрек қалауымен иығына погон таққан әр сақшы ғана түсініп, ел тыныштығына жауапты екенін жақсы түсінеді. Ол қылмысты ашуға, оның жолын кесуге міндетті.

Адамдар былай күндері оған басқаша көзқараспен қараса, басына күн туғанда полицияның көмегіне жүгінеді. Менің алған марапаттарым жетерлік.

Мәселен, 2013 жылы ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қ.Қасымовтың «Құрмет» грамотасына ие болсам, 2015 жылы ҚР ІІМ ІІІ дәрежелі «ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, 2017 жылы Атырау облыстық ішкі істер департаментінің «Қазақстан полициясына-25 жыл» төсбелгісімен марапатталдым.

Ал 2018 жылы Атырау ОІІД бастығы, полиция полковнигі А.Дүйсенбаевтың , Махамбет ауданы әкімі С.Рысқалиевтың «Алғыс хаттарымен» марапатталдым.

Шаңырақта мен бақытты анамын. Отбасында екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырмын.

Жазира Отарғалиқызы, Махамбет

аудандық полиция бөлімінің

ақпараттық-аналитикалық тобының аға инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521