Махамбеттік полиция лейтенанты Тимур - Ата Заңымыздың төл құрдасы

Атырау облысы, Махамбет ауданы патрульдік полиция тобының аға инспекторы Тимур Сиранов қызметтегі жетістіктері үшін Конституция күні мерекесі қарсаңында полиция аға лейтенанты шенін алған жас қызметкер.

Тимур 1995 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданында туған. Орта мектепті аяқтаған соң Ақтөбе қаласындағы көпсалалы ТАРЛАН колледжіне оқуға түседі. Оқу орнын ойдағыдай аяқтаған жылы әскерге шақырылған.

Тимур жастайынан дене шынықтыру, спорт түрлерімен шұғылданғанды ұнатады. Тимур әскерлік борышын өтеп келгеннен кейін, ойланбастан ІІО-на жұмысқа тұруға өтініш беріп, тестілеу мен дене даярлығы бойынша емтиханды сәтті тапсырған.Спорттық дайындығы жақсы жас жігіт өзіне сеніп тапсырылған міндетті де тиянақты, абыроймен орындап жүр.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - бұл әрбір қазақстандықтың жүрегінен үлкен орын алатын мереке. Әсіресе мен үшін өте маңызды күн. Өйткені мен Конституция "құрдасы" болғанымды мақтан етемін. Конституция тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетпен жалпы халыққа баяндылық сыйлады», дейді Тимур Сиранов.

Конституция мерекесі күндері күшейтілген тәртіпте қызметте жүрген полиция аға лейтенанты Тимур Сиранов барша қазақстандықтарға ашық аспан, отбасылық береке және зор денсаулық тіледі.

Атырау облысының полиция департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT