Қорғаныс министрлігі әскери міндеттілерді шақыру мәселелері жөнінде Қазақстан бойынша Call-орталықтарын іске қосты.
Махамбет ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Е. Айтжановтың айтуы бойынша, Қазақстан Респубикасы Президентінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру туралы» № 296 Жарлығын халыққа түсіндіру және елорданың, республикалық маңызға ие қалалардың және облыстардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде әскери міндеттілерді шақыруды ұйымдастыру тәртібі мен ережесі бойынша ауданымызда да жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді.
-Әзірге телефон байланысы арқылы есебі нақтылануда. Бұл жиынға әскери есепте тұрған 60 жасқа дейінгі офицерлер, 50-ге дейінгі сарбаздар мен сержанттар денсаулығында кінәраты болмаса баруға міндетті. Бірақ ауданымызда ол топқа кірмейтіндердің арасынан да баруға еріктілер шығып жатыр. Мектеп мұғалімі, мүгедек бала бағып отырғандар, 3 баладан жоғары балалары барлар және оқу орнында оқитын студенттер әскери жиыннан кейінге қалдырылады ,– дейді Е.Айтжанов.
К.САПАРҚЫЗЫ
Сурет:дереккөз