Махамбетте ІІІ топ мүгедегі Жәния Шауменова кәсіп ашып, зейнетін көріп отыр

Махамбет ауданының тұрғыны, 49 жастағы ІІІ топ мүгедегі Жәния Шауменова фетра, бисер, матадан түрлі бұйымдар жасап, сатып, зейнетақысына қосымша табыс тауып отырған.

Ол «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік грант иегері.

Жыл өткен сайын Жәнияның қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытып, тапсырыс берушілердің саны артып келеді.

-2018 жылы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің маманы қоңырау шалып, ауданға мүгедек жандарға қолөнер бұйымдарын жасауды үйрететін ар[1]найы шеберлер келіп жатқанын айтты. Содан қызығушылығым оя[1]нып, үйреніп көруге бел байладым.

«Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Нұржігітованың бастамасымен қолға алынған «Қолтаңба шеберханасы» әлеуметтік жобасы аясында 10 адам 10 күн білім алдық. Осы шеберлік сағатынан біраз нәрсе жасауды меңгердім. 2019 жылы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бастау-бизнес» курсын оқыдым. Содан кейін биз[1]нес жобамды дайындап, 505 мың қайтарымсыз грант алып, «Ділдә» жеке кәсіпкерлігімді ашып, шағын бизнесімді бастадым.

-Құрақтан көрпе мен көпшіктің тысын тігемін. Тұмар, әшекей бұйымдарын, сөмке және тойлар мен басқа да қуаныштарға арнап бонбоньеркилер жасаймын. Тұсаукесер тойына арнап «Тәй-тәй» кілемшесін тоқимын. Тұмардың үлкенін 12 мыңнан, шағындарын 7 мыңнан сатамын. Бонбоньеркилердің әрқайсысын 250 теңгеден. Бір жағынан хобби, бір жағынан кәсіп. Мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытып, грант ұсынып, кәсіп ашуға мүмкіндік берген «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына, аудандық Жұмыспен қамту орталығына, « Мүгедек әлемі » қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Нұржігітоваға алғысым шексіз – дейді Ж.Шауменова.

Хоббиін кәсіп көзіне айналдырған Жәнияның қазіргі уақытта Махамбет ауданы орталығындағы «Аққу» сауда үйінде шағын дүкені бар.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика