Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 18,1% қымбаттады

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір жылда 18,1% қымбаттады, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы:

- өткен аптада - 0,2%,

- ай басынан 0,4%,

- жыл басынан 18,7% өсті.

«Жылдық мәнде олар 18,1% қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа жоғары», - делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

Өткен аптада арзандады:

- пияз – 4,6%

- картоп – 1,8%

- қырыққабат – 1,7%

- сәбіз – 1,5%

Өткен аптада қымбаттады:

- тұз – 1,9%

- макарон – 1,1%

- бидай ұны, І сұрып – 1%

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2022 жылғы 16 тамызға):

- макарон – 271 тг/кг

- құс еті – 1 163 тг/кг

- күнбағыс майы – 844 тг/л

- тұз – 63 тг/кг

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика