Жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін биыл 30 адамға 37,9 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр.
Махамбет аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Жандос Дүйсембаевтың айтуынша, елімізде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бекітілді. Жоба шеңберінде жаңадан «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары енгізілген.
Соған сәйкес жастар және зейнеталды жастағы адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылады.
«Өткен жылы алғашқы алты айда 8 азаматқа 4,6 млн теңге грант берілген еді. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына төрт жас маман жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орнына жыл басынан бері 37 жұмыссыз азамат, жастар практикасына 31 жас маман жолданса, қоғамдық жұмысқа алғашқы алты айда 163 адам жіберілді. Қазіргі уақытта 60 адам «Бизнес-бастау» курсын онлайн оқуды бастап кетті, - дейді Ж.Жайлыбайұлы.
Қазбек Айтқалиев