Ашық дерек көздерінен алынған бұл мәлімет - зейнет жасына жақындаған адамдарға жұмыс табу қиын екенін көрсетеді.
Олардың басым бөлігі еңбек шартынсыз, яғни бейресми жұмыс істеуге мәжбүрү Өйткені, егде жастағыларды көбі жұмысқа алғысы келмейді.
Осы орайда зейнет жасына жақындаған жұмыссыз адамдарға арналған «Күміс жас» жобасы іске қосылғанын айта кеткен жөн. Бағдарламаның мақсаты – зейнеткерлікке шығуына 2 жыл қалған азаматтарды уақытша жұмыспен қамту. Жобаға қатысу мерзімі – бір жыл. Мерзім аяқталған соң жұмыс беруші қатысушыны зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмысқа алуға міндетті.
Қазбек АЙТҚАЛИЕВ