Махамбет ауданының тұрғыны 30 адамды алдап, 40 миллион теңге иемденген

Алаяқ

Атырауда отыз адамға кредит алдырып, 40 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ ұсталды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 30 адамды алдаған 24 жастағы алаяқтың Махамбет ауданында тұратыны анықталған.

«Алаяқтық іспен айналысқан күдікті 2022 жылғы желтоқсаннан бері Kaspi Bank және Freedom Finance банктен тауарлық несиені ақшалай алып, үстіне бонус қосып беремін деп 30 адамды алдаған. Сөйтіп, 40 млн теңгені иемденіп алғаны анықталды. Қазір алаяқ ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері қамауға алынған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT