Бүгін, яғни 28 қаңтар күні сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 523 шақырым тұсында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті.
1959 жылғы азаматтың басқаруындағы «КамАЗ» және 1956 жылы туған азаматтың басқаруындағы Skoda автокөліктері соқтығысқан.
Соққы салдарынан Skoda автокөлігінің 1960 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді.