Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруы мақсатында Махамбет ауданы көлемінде 20-22 сәуір күндері аралығында «Тәуелділік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара кезінде бөлім қызметкерлері нақты міндеттерді атқару үшін күшейтілген бағытта қызмет атқарады.
Жеке құрам жастардың жиналу орындары, аулалар, жертөлелерді тексеріп, жастар көп шоғырланатын орындарды жіті бақылауда.
Дүкендер мен сауда орталықтарында зиянды әрі тыйым салынған бұйымдарды сату деректерінің алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда.