Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Махамбет ауданы Сарайшық ауылындағы сапар орталығының құрылысымен танысты.
«Сарайшық» тарихи-мәдени мұражай-қорығының аумағында жақында туристер мен келушілердің жайлы қоныстануына арналған кешен ашылады. Оның құрамына экспозициялық көрме залдары, қор қоймасы, конференц-зал, сондай-ақ зертханалық және реставрациялық бөлмелер, электронды деректер базасы бар кітапхана кіреді. Орталықта дәріс өткізуге арналған алаңдар, ашық аспан астындағы музей және этноауыл да орналасқан.
Қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі, ірі сауда қаласы Сарайшық 1580 жылы қираған. 300 жыл бұрын ол Ұлы Жібек жолы орталықтарының бірі болды.
- Қазақстанда еліміздің өткенінен сыр шертетін киелі де тарихи орындар көп. Оларға біздің отандастарымыз ғана емес, шетелдік туристер де үлкен қызығушылық танытуда. Алайда, көбінесе бұл тарихи және археологиялық ескерткіштерде туристік инфрақұрылым болмайды. Көне Сарайшық аумағында ашылатын бұл сапар орталығы еліміздің бай мәдени және тарихи мұрасына назар аудартады, туризмді жандандырады, — деп атап өтті Алтай Көлгінов.