Ұлт мақтанышы атанған ұлы тұлға

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргесін қалаған, Қазақстанның тұтастығын, Конституцияның адами құқықтар мен бостандықтарының үстемдігін қамтамасыз еткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі кеңінен танылуын білдіретін арнайы күнді белгілеуге саяси-құқықтық, әлеуметтік- экономикалық және өзге де сипаттағы барлық негіз бар.

Елбасының үлкен саясаттағы өз бетімен шешім еткен тұңғыш төл қадамы 1990 жылы жасалды. Сол жылдың 24 наурызындағы Жоғарғы Кеңестің сессиясында жабық да-уыспен республиканың Тұңғыш Президенті болып сайланғаннан кейін Салық Зиманов, Сұлтан Сар¬таев, Жабайхан Әбділдин, Манаш Қозыбаев бастаған ел арыстарын жанына тартып, Қазақ КСР-нің іс жүзінде егемен ел болып, өз байлығын өзіне жаратып, тіршілік ету жолын көздеген Деклараци¬яны жазып, жариялап, заңдастыру қажеттігін айтады. Елбасының ұсыныс-ойы республиканың Жоғарғы Кеңесінде қолдау тауып, қабылданады. Бұл күн ел тарихында Республика күні ретінде белгіленіп, алтын әріптермен жазылды. Тәуелсіздіктің атар ақ таңына дейін әлі 3-4 ай уақыт бар. Нақтырақ айтқанда, 1991 жылдың 29 тамызы. Бұл күні Елбасы Н.Назарбаев Семей сынақ алаңын жабу туралы Жарлық шығарып, әлемнің назарын өзіне аудартты.

Аталған Жарлық негізінде сол күн «Ядролық қарудан бас тартудың бүкіләлемдік күні» болып жарияланып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымының өзі қолдаған еді. Кез келген елдің ішкі-сыртқы қатынастарына бірінші кезекте қажет саясаттардың бірі – бейбітшілік. Тұңғыш Президентіміздің сан тарау- мен жүргізіп келе жатқан саясаты сырт мемлекеттер халықтарының жүрегінен жол табуымен өміршең. Сонымен бірге бұл құжатты әлемдік қауымдастыққа, бүкіл жер шарына қазақ елін танытқан тұңғыш құжат деуге негіз бар. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» туралы Заңының Жоғарғы Кеңестің осы күні өткен сессиясында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының ұсынысымен қабылданып, қол қойды. Бұл күн әлем тарихының беттерінен таңдап, орын алған Қазақстанның Ұлы күні – Тәуелсіздік күні. Бес ғасырдан астам уақыттар желісінде тәуелсіздік үшін күресіп келген ата-бабалар аманатын орындаған Тұңғыш Президентіміздің бастауымен Тәуелсіздік туы көтерілді. Елбасының тағы бір батыл шешімінің жеңісі – төл валютамыздың енгізілуі болды. Ел тәуелсіздігінің күре жолын мықтайтын тетік өлшемінің тұңғыш купюрасы Ұлыбританияда басылып, елге жеткізілген еді.

Тұңғыш Президент 94-ші жылы елге жаңа Конституция қажеттігін жариялап, білімдарлығымен ұсынысын қорғап шығып, оны дайындайтын жұмысшы топ құрып, өзі басықасында болды. Конституция жобасы 1995 жылы 30 тамызда өткен республикалық рефе¬рендумда бірауыздан қабылданды. Сөйтіп, дүние жүзінің дамыған елдері мойындаған, Қазақстан Республикасының таңдаған нарық тетігін табуға жаһандық жолын ашқан, сонымен бірге адам мен адамзат құқын қорғау жолын дүниежүзілік стандартқа сай келтірілген Тәуелсіз жаңа Қазақстанның жаңа Конституциясы өмірге келді. Жаңа Ата Заңымыздың авторы – Тұңғыш Президент, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Ел астанасын арқа төсіне көшіру халықтың рухы үшін де, қайта түлеуі үшін де қажет болды. Көк байрағымызды Отанымыздың кіндігіне тігу ердің ерінің ғана қолынан келер тәуекел еді. Астана қаласын дүниеге әкелу – біздің Тұңығыш Президентіміз Н.Назарбаевтың саясаттағы жарқын ерлігі десек, Елбасы мен Елорданы ешкім де бөліп қарай алмайды.

Бұл тарих еншісіне берген ақиқат десек болады. Саясаттағы еңбектің құндылығы, оның халық жүрегінен орын тебуімен құнды деген осы шығар, сірә?! Жас мемлекетіміздің шекарасын шегендеп, айналасын қымтау да Елбасының асқан көрегенділігі еді. Ресей, Қытай секілді алпауыт елдермен шекара бөлісу оңай болмағанын әркім-ақ іштей сезеді деп ойлаймыз. Дегенмен, Тұңғыш Президентіміз бұл мәселені у-шусыз, әдемі шешіп берді. Өзіміздің ежелгі көршілеріміз – Орталық Азия мемлекеттерімен де жылы рәуішті келісіммен шекара сызығын белгілескен жайымыз бар. Әрине, мұның бәрі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дарынды дипломаттық қабілеті мен ерекше еңбегінің жемісі деп білеміз. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттігімізді қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Елбасының аз ғана жылдарда адам айтса, нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа аңыз болып жететіні сөзсіз. Ол әлемдік деңгейдегі Қазақстанның паспортына, символына айналған тұлға. Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлының тұсында жетті. Оның биік болмысы мен кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін жастарға жеткізіп отыру зиялы қауым, аға ұрпақтың міндеті болмақ. Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен 1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы қолға алынып, еліміздің талантты жастарын шетелдік озық университеттерде оқытуға мүмкіндік алдық. Арада өткен осы жылдарда бұл бағдарлама бойынша 15 мыңнан астам қазақстандық жастар әлемдік деңгейде білім алып, бүгінде экономикамыздың барлық салаларында табысты еңбек етуде. Сондай-ақ Елбасымыздың бастама¬сымен бас қалада шетелдік беделді оқу орындарымен бәсекелесе алатын «Назарбаев Университеті» ашылды және елімізде «Назарбаев зияткерлік мектептері» жүйесі құрылды, жүздеген жаңа мектептер мен балабақшалар салынды.

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ десек, Елбасы бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр-қайратымен еңбек етіп келеді. Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы, әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді.

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521