Халық қолдауына ие болған Жолдау

Биыл Әл-Фарабидің-1150, Абай Құнанбаевтың-175 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келеді.

Таяуда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы жарық көрді. Президент Жолдауы бес бағытты құраған. Жолдауда қазіргі заман талабына сай өзекті мәселелерді қамтыған. Жолдаудың төртінші бағыты «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» деп аталады.

Бұл бағыт білім саласы қызметкерлеріне арналған. Атап айтқанда білім сапасын жақсарту, «Дипломмен -ауылға» бағдарламасы аясын кеңейту, оқулық сапасы, ұстаз жалақысы, әлеуметтік салаларға баса мән берілген. Жолдауды талқылай келе, онда көтерілген басты тақырыптарға аса мән беріледі деп ойлаймыз. Ал ұстаздарға қатысты бағытына тоқталар болсақ, Жолдауда қазіргі таңда ұстаздар мен білім сапасына қатысты өзекті мәселелер көтерілген. Заман талабына сай ұстаз мәртебесін көтеріп, қағазбастылықтан алыстату да өзекті тақырып.

Жаhандану заманында білім саласы да жаңарып, жаңғыру үстінде. Отбасы тәбиесінен кейін әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын, сауаттарын ашып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындайтын ұстаз. Бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін ұстаз аянбай еңбек етуі тиіс. Ал ұстаз еңбегі – еленуге қашанда лайық.

Түлектерге байланысты «Дипломмен-ауылға» бағдарламасының кеңейтілуі қуантарлық жағдай. Қоғамымыздағы жоғары оқу орнын бітіріп, жұмыссыз жүрген жастарға бұл зор мүмкіндік. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында көтерілген тақырыптар толық жүзеге асатынына сенемін.

Г.Мақымова, Еңбекшіл негізгі

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT