2019 жылдың 2 қыркүйегінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық – диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын Береке орта мектебі ұжымы да талқылап, оң бағасын беріп, бірауыздан қолдады.
Жолдауда қоғамдағы ең өзекті тақырыптардың барлығы қамтылған. Жолдауда жер, тіл мәселесі, мемлекеттік сатып алу, Ұлттық қор қаражаты, мұғалімдердің жалақысы тәрізді халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелер көтерілген-ді.
Біздің көкейімізге қонғаны- 2 тараудағы «Азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және 4 тараудағы «Қоғамды жаңғыртудың жаңа кезеңі». Бұл жерде білім сапасына өте жетік көңіл бөлінген. Президент атап өткендей, биыл 21 мыңнан астам түлек ЖОО түсе алмай қалған. Жастардың білім алуы болашақта сапалы мамандардың шығуын қамтамасыз етеді. Осы жерде білім мәселесінің көтерілгені-бізді аса қатты қуантты.
Білім беру сапасын жақсарту, оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету, отбасы мен бала институтын, инклюзивті қоғам құруды қолдау, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту, отандық зейнетақы жүйесін дамыту мәселесі айтылды.
Біз Мемлекет басшысының жолдауын талқыға салып, оны әрі қарай дамытуды жалғастырамыз деп шешім шығарды. Себебі, жастардың білім алуы – ел болашағымен тікелей байланысты.
Л.Бахитова,
Береке орта мектебінің директоры
Сурет:дереккөз