2021 жылдың 4 қазанына дейін облыс бойынша халық санағынан 255 580 тұрғын онлайн режимде өтіп, облыс халқының 38,5%-ы қамтылды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оның ішінде 87,9% немесе 224 635 адам тікелей sanaq.gov.kz сайты арқылы, 25 426 адам (9,9%) egov.kz порталы арқылы, 5 519 (2,2%) адам Aitu мобильді қосымшасы арқылы санақ парақтарын толтырған. Бұл туралы брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Галя Мұханғалиева мәлімдеді.
- Санақтан онлайн режимде өткен тұрғындар саны бойынша Атырау қаласы (111825 адам), Құрманғазы (27098 адам) және Жылыой (26347 адам) аудандары көш бастап тұрса, ал тұрғындарды қамту деңгейі бойынша Қызылқоға (аудан халқының 69,7% онлайн режимде өткен), Мақат (62,0%), Исатай (59,7%) аудандары алдыңғы қатарда, - деді Галя Мұханғалиева.