Негізгі кезеңді жүргізуге облыс бойынша 700-ден аса санақ персоналы жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Санақ персоналының қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, санақтың негізгі кезеңінің өтуі мерзімінде нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлердің Атырау қаласының қоғамдық көліктерінде тегін жүруі ұйымдастырылды. Бұл туралы брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов мәлімдеді.
- Үй-жайларды жаппай аралау кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері іс-шараны өткізу кезінде қолдау көрсететін болады. Қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарында есепте тұрған адамдар тұратын күрделі учаскелерде, саяжай алқаптарында учаскелік инспекторлар интервьюерлермен бірге жүретін болады, - деді ол.