Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Үндеуін оқып шықтым.Президенттің саяси қуғын-сүргінді,ашаршылықты жан күйзелісімен ойға оралтуы дұрыс мәселе.
Ашаршылық қолдан жасалған ғой.Ең алдымен қазақтың алдындағы малын тартып алды. Мысалы, біздегі Бақсай кеңшарын ұйымдастыру үшін даладын мал әкелген ешкім жоқ.Сыралы деген бай Қаңбақтыда отырған.Сол кісінің және соның айналасындағы азды-көпті малы барларға келіп малын малдай,дүниесін дүниедей,ақшасын ақшалай тартып ала берген,ала берген.Енесінен ажыраған бота боздап, құлын шыңғырып,бұзау мөңіреп,қозы,лақ маңырап,адамдар түксіз қалып аңырап қалған.
Бәрін Жайық бойындағы орыстарға берген.Совхозды әуелі солар иеленіп,аға шопан да алдымен орыстар болған.Жергілікті қазақтар нені талғажу етсе де аш қалмапты.Құмда құмаршық,ойда аншоңқай жеген,өзен жағалап балық аулаған.
Президент өткеннен сабақ алу керек деп дұрыс айтады.Тәуелсіздікті айтардың алдында ойлану керек Кешегіні ойламай келешек болмайды.
Қ.Қазымбекұлы,
Таңдай мәдениет үйінің директоры