Өмірдегі басты байлық- денсаулық. Қоғамымызда еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейінгі жандардың дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда.
Соған орай медициналық тексеріс, сырқаттанудың алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру, дәрігерлік тегін кеңес беру жүйесі жолға қойылған. Өмір болған соң әртүрлі жағдай орын алады.
Бүгінде баланың құрсақта жатып, кемтарлыққа шалдығуы белең алып тұр. Нәрестелердің туа біткен сал ауруы, есту-сөйлеу кемістігі жиі кездесуде. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар оларды күтіп-бағу, емдету, оқыту жағынан қиындыққа тап болып жатады. Көп жағдайда балаларды бағып-қағу қаражатқа келіп тіреледі. Жолдауда әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мүгедек балаларды емдетуге ерекше көңіл бөлгені қуантты.
Қазақта «жан-жағың аман болсын» деп жатады. Ендеше, еліміздің әрбір тұрғыны келешекке кедергісіз ұмтылады.
Г.Үмбетова,
аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар,
азаматтық хал-актілерін тіркеу
бөлімінің бас маманы
Сурет:дереккөз