АӘК берудің қазір қолданып жүрген жүйесін өзгертетін заң жобасы әзірленуде.
Соңғы кездері АӘК-ті заңсыз алғандар туралы жиі жазылып жатыр. Кей отбасылар білместікпен табыстары туралы толық ақпарат көрсетпесе, енді бірі әдейі жасырған. Мұнда ең бастысы- еңбекке ынталандыруға маңыз берілетіндігі болып тұр. Осылайша, табысы аз азаматтардың табыстарын мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету көзделуде.
Жалпы негізгі ұсынып отырған жаңа ұстанымдарды үшке бөлуге болады. Айталық, бірі көпбалалы аналарды қолдау болса, екіншісі, жаңғыртылған АӘК-ті қамтамасыз ету, ал үшіншісі, кепілді әлеуметтік топтаманы әзірлеуге бағытталмақ. Бұл көпбалалы аналардың қоғамдағы беделі мойындалып, олардың әл-ауқатын арттыруға әкелетін жол ашылады.
Мен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлемін. Бүгінде отбасында төрт бала тәрбиелеп отырған бақытты анамын.
М.Айтмурзина,
көпбалалы ана
Сурет:дереккөз