“Қазақстанның әуе хабы: Даму жолындағы ұсыныстар”

Президенттің әуе хабын құру туралы бастамасы өте орынды және уақытылы деп санаймын. Қазақстан өзінің географиялық орналасуын тиімді пайдаланып, халықаралық әуе тасымалының маңызды орталығына айналуы керек. Бұл тек ел экономикасына ғана емес, сондай-ақ туризм, логистика және инвестиция тарту салаларына да үлкен серпін береді.

Менің ойымша, ең бастысы – бұл жобаны жүзеге асыру кезінде сапаға баса назар аудару. Әуежай инфрақұрылымын жаңғыртуда заманауи технологияларды қолдану, қызмет көрсету сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру маңызды. Жолаушылар мен жүк тасымалы қызметтері қолжетімді әрі тиімді болуы керек, ал авиакеросин бағасын реттеу авиация саласының дамуына оң әсер етеді.

Ұсыныс ретінде, осындай жобаларды іске асыру кезінде шетелдік тәжірибені мұқият зерттеп, оны Қазақстан жағдайына бейімдеу қажет. Сондай-ақ, отандық авиакомпанияларды дамытып, олардың халықаралық деңгейде жұмыс істеуіне жағдай жасау керек деп ойлаймын. Бұл бағытта кәсіпқой мамандарды даярлап, салаға инвестиция салуға ынталандыру маңызды.

Сонымен қатар, қарапайым халық үшін ұшақ билеттерінің қолжетімділігіне де назар аударылғанын қалаймын. Халықаралық әуе хабы еліміздің имиджін арттырып қана қоймай, әрбір азаматқа қолайлы болуы тиіс.

Марат Батырұлы

Ардагер журналист

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT