Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында модульдік бағдарламалар бойынша қосымша оқуға қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында модульдік бағдарламалар бойынша қосымша оқуға қабылдау науқаны басталды. Құжаттар 2025 жылдың 1-30 қараша аралығында онлайн форматта https://admission.apa.kz қабылдау жүйесі арқылы қабылданады. 
Модульдік оқыту негізгі жұмыстан қол үзбей өз құзыреттерін арттырғысы келетін азаматтарға арналған. Оқу жылы 6 модульден тұрады. Әрбір модульде офлайн және қашықтан оқыту форматтары қарастырылған. Мұндай тәсіл білім алушыларға оқу материалдарын арнайы кесте бойынша ыңғайлы түрде игеруге мүмкіндік береді.
Конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор мамандары, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатыса алады. 
Үміткерлер 1 жылдық екі бағдарлама бойынша оқуға түсе алады. Олар: «Executive MPA – Executive Master of Public Administration – Мемлекеттік басқару» және «Өңірлік даму – Master of Regional Development». 
«Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасына үміткерлердің басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы қажет.
«Өңірлік даму» білім беру бағдарламасына түсушілердің жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы қажет.
Құжаттар тізімі:
1.    Мемлекеттік органның жолдамасы (мемлекеттік қызметшілер үшін);
2.    Жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық нұсқасы;
3.    Қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың сканерленген нұсқасы;
4.    Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растайтын, В1 деңгейінен төмен емес деңгейдегі QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты (шетелдік азаматтарды қоспағанда);
5.    Мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автомататтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) алынған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі расталған (мемлекеттік қызметшілер үшін) қызметтік тізім, өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;
6.     Өтініш (ЭЦҚ-мен қол қойылған). Шетелдік азаматтар үшін өтініштің сканерленген нұсқасы.
Іріктеу кезеңдері: аналитикалық эссе жазу және сұхбат кезеңі 4–5 желтоқсан аралығында офлайн форматта өткізіледі. Соңғы қабылдау 25 желтоқсанда жүргізіледі. 2025 жылдың 05 қаңтарында оқу процесі басталады. 
Оқуға түсу ережелері және қажетті құжаттар тізімі туралы толық ақпарат Академияның ресми сайтында https://www.apa.kz/ орналастырылған немесе/және 8 (7172) 51-85-19, 51-94-92 телефон нөмірлеріне хабарласып, толық ақпарат алуға болады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры
Еркебұлан Серікұлы Ғабдығапаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT