Атырауда «Әкелер мектебі» білім мен тәрбиеге белсене араласуда

«Келешек мектептері» жобасы аясында Атырау қаласында салынған  №48 орта мектепте әкелер қауымымен жылы жүзді кездесу ұйымдастырылып, ерекше рухани орта қалыптасты.

Әке – отбасының тірегі, ұрпақтың бағыт-бағдарын айқындайтын ұлы тұлға. Осы үнді сабақтастыратын басқосуда қатысушыларға арнап қызықты Quiz сайысы өткізілді.

Зерделілікті талап еткен сұрақтар, командалық бірлік пен әзілге толы сәттер кездесуді әсерлі етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT