Кәсіподақ ұйымы қызметкерлері арасында тимбилдинг өтті

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Махамбет аудандық комитеті филиалының жоспарына сай, Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі жанындағы «Арай» лагерінде облыс көлемінде бастауыш ұйым кәсіподақ мүшелерінің  ынтымақтастығын, бірлігін арттыру мақсатында  «Кәсіподақ ұйымының тәжірибесіндегі жаңа тренд, жаңа көзқарас» тақырыбында табиғат аясында тимбилдинг шарасы ұйымдастырылды.

Шараға жалпы саны 30-ға  жуық кәсіподақ мүшелерінен құралған 4 топ қатысты.  Шараны ұйымдастырушы Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы бірлестігінің Махамбет аудандық комитет филиалының төрағасы Торғын Бергарина  сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Кәсіподақ ұйымының имиджі» тренинг, «Жағдаяттардың шешімін табамыз!» ситуациялық сұрақтар, «Кәсіподақ-құқық қорғаушы, оппозиция емес!», «Мен сізге көмектесе аламын...» сынды бөлімдерден тұратын тапсырмалар арқылы сайысқа қатысушылар өздерінің білім деңгейлерін сынады.

Әділ қазылардың шешімімен жүлделі І-орынды «Бірлік» тобы, жүлделі ІІ-орынды «Достық» тобы, жүлделі ІІІ-орынды «Нұршуақ» тобы иеленді.  «Жасыл ел» тобына белсенділігі үшін Алғыс хат берілді. Шараны  аудандық білім бөлімінің әдіскері Манас Ілиясұлы қорытындылап, барлық команда мүшелеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Іс-шара қатысушыларға жарқын эмоциялар қалдырып, командалық рухты нығайтты.

Райса Макарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521