Итке қатігездік көрсеткен азамат халық алдында ақталмақ болды

Күні кеше Атырау қаласы Еркінқала кентінде өз итін қатігездікпен тоңазытқыш есігімен қылқындырып, оны бейнежазбаға түсіргендер ұсталды.

Итін қорлаған иесінің қатігездігі туралы видео әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.

2 наурыз күні әлеуметтік желіде күдіктінің кешірім сұраған бейнежазбасы тарады. Бейнежазбадағы қатігез кейіпкер Джуматаев Марғұлан әртүрлі себептерді тілге тиек етіп, өзін-өзі ақтамақ болды.

Ол жерде ата-анасы жасақтаған жылыжайды таптап, бұзған итке ашуланып, қызулықпен шектен шыққандығын мойындады.

Дереккөз:depti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT