Балағаттаймын деп 5 тәулікке қамаққа алынды

Жасы кәмелетке толмаған қызбаланы себепсіз балағаттаған азамат қамаққа алынды деп хабарлайды Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.

Іс-құжаттарында, құқық бұзушы Б.Н. 2020 жылдың 31 мамыр күні жасы кәмелетке толмаған Э-ны ешбір себепсіз балағаттап, ар-намысына тиетін лас сөздер айтып, ұсақ-бұзақылық іс-әрекетін жасаған.

Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) азамат Б.Н-ға қатысты әкімшілік іс (whatsapp) желісі арқылы қаралды.

Сот отырысында Б.Н. өз кінәсін толық мойындап, ондай іс-әрекеті енді қайталамайтыны туралы жауап берген. Сот отырысында жәбірленуші Э және оның өкілі Д.К. құқық бұзушы Б.Н-ға заңды шара қолдануды сұраған.

Сотпен азамат Б.Н-ы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT