ІТ саласы еліміздің болашағы

Қазақстан үкіметінің жаңа міндеттерінің бірі 2026 жылға қарай ІТ-қызметтер экспортын 1 миллиард долларға жеткізу болмақ. Мұндай тапсырманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына Жолдауы аясында берді.

 Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы еліміздің ІТ саласының дамуына үлкен мүмкіндік береді. Өйткені, бүгінде ІТ саласы мамандарына сұраныс жоғары. Технология тілін түсінетін, оны бес саусақтай білетін жандарға жұмыс жетіп артылады.

Болашақта да бұл сала мамандарына сұраныс артпаса, кемімесі анық.

"Білесіздер, мен цифрландыру мен инновация мәселелеріне ерекше көңіл бөлемін. Біздің алдымызда стратегиялық маңызды міндет тұр - Қазақстанды IT-елге айналдыру. Цифрландыру саласындағы жетістіктеріміз бар – біз электрон үкімет пен финтех даму индексі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарындамыз.Былтырдың өзінде отандық IT-индустрия экспортының көлемі бес есеге өсті. Биылғы жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Бірақ бұл шек емес", - деді мемлекет басшысы.

Президент  сонымен қатар бұған ірі шетелдік IT-компаниялармен бірлескен кәсіпорындардың ашылуы септігін тигізетінін,  Үкімет бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар енгізуі керектігін айтты. 
Әлем цифрландыру аясында болашаққа батыл қадам жасауда. Бұл  IT саласының маманынсыз болашағымызды елестету мүмкін емес екенінің дәлелі десек те болады. Сол себептен дамыған елдер цифрлық саясатты қолға алып, даму қарқынын арттыруға күш салып жатыр.

Қазақстанда қазіргі таңда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осыған орай жұмыс орындары да көптеп ашылуда. Десе де, инновация мен технология тілін түсінетін, оны жүргізетін мамандар тапшы. Сол тапшылық ITсаласының дамуына кері әсерін тигізіп, цифрлық экономиканы жүргізуге, озық технологияның игілігін көруге кедергі келтіріп келеді.

Президенттің осы тапсырмасы аясында Үкімет ішкі қажеттілік пен жаһан талабына байланысты ақпараттық технология мамандарын даярлауды мықтап қолға алуы қажет. 

Бақытбек Мұхамбетқалиев,

«Amanat» партиясы Махамбет аудандық филиалының атқарушы хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT