№232 сайлау учаскесіне бүтіндей бір отбасы келіп дауыс берді!
Ертемен ата-енесімен бірге келген жас келіні Азиза Сұлтанова сайлау күнін асыға күттік дейді.
“Жолдасым жұмыста болса да, сайлауға отбасымызбен келіп отырмыз. Ата-анамыз газет оқып, елдегі жаңалықты қалт жібермей отыратын жандар. Бізге де елдегі өзгеріске немқұрайлы қарамаңдар деп ақылдарын айтып отырады,-дейді А.Сұлтанова.