Елімізде қант бағасы көтерілуі мүмкін

Елімізде қант бағасы бір тоқсанда 13%-ға көтерілді, деп хабарлайды Energyprom.kz басылымы. Бұл отандық өндіріс үшін қуантарлық жағдай емес деген пікірде Қазақстандық қант, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы.

2019 жылы 11 айда 225,4 мың тонна қант өндірілген. Бұл 2018 жылғы 0,7% артық. Негізгі өндірушілер – Жамбыл облысы (157,1 мың тонна), Алматы облысы (65,3 мың тонна) және Алматы қаласы (2,6 мың тонна).

Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиеваның айтуынша, елімізде қант шығаратын 7 зауыт бар, оның тек үшеуі жұмыс істеп тұр. Қалғандарында жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.

Қазақстанға Ресей және Беларусьтегі қант өндірісімен бәсекелесу қиын. 2010-2012 жылдары ресейліктер демпинг арқылы отандық өнімдерді ығыстырып, кейін бағаны шарықтатып жіберген болатын.

Қауымдастықтағылар осындай жағдай қайталана ма деп күдіктеніп отыр.

Дереккөз:BAQ.KZ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT