Электронды үкімет Халыққа қызмет көрсету орталығындағы өзгерістер

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бір терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығын құру жөнінде жұмыс қолға алынған болатын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сай 741 мемлекеттік қызмет тіркелсе, оның 598 қызмет Корпорация арқылы, 454 қызмет электронды үкімет порталы, 305 қызмет ХҚКО-ның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы Махамбет аудандық Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімде бір жылда көрсетілген қызмет түрлеріне шолу жасап көрейік.

Өткен жылы азаматтарға 66013 қызмет көрсетілсе, соның ішінде 28014 құжат электронды түрде берілген.

Электронды үкімет порталынан «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан» 21355 кеңес беріліп, аталған сектордан 18673 қызмет көрсетілді.

АТАЛҒАН МЕРЗІМДЕ ЭЦҚ ҚАМТЫЛҒАНДАР САНЫ 9723.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ:

Мобильдік ХҚО. Ауданға қарасты 6 ауылдык округіне арнайы іс-сапар жоспары бекітіліп, 2018 жылғы 12 айда 178 рет ұйымдастырылған іс-сапарда - 3458 қызмет түрі көрсетілді.

Біріңғай байланыс орталығы

Біріңғай байланыс орталығы арқылы ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандардан 2018 жылғы 12 айда түскен 328 өтінішке қызмет көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсететін арнайы тереземен жабдықталған. Қызмет алуға жүгінген мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кезектен тыс қызмет көрсетіледі. ХҚКО барлық бөлімдері арнайы пандуспен, шақырту түймесімен жабдықталған.

Мобильдік қосымша

«Мобильдік үкімет» жобасы аясында eGov.kz мобильдік қосымшасы жасап шығарылды. Мобильдік үкіметке тіркелу үшін eGov.kz немесе ХҚО жұмыскерлері арқылы тіркеле алады. Тиімділігі – ЭЦҚ-сыз қажетті анықтамалардың кез-келгенін бір жолғы СМС арқылы жедел алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұялы телефонның қосалқы eGov бағдарламасы арқылы әлемнің кез-келген жерінен 50-ден астам қызмет түріне қолжеткізуге болады.

Атап айтқанда:

мекенжай анықтамасын,

жылжымайтын мүліктің бар-жоқтығы,

соттылығы бар-жоқтығы туралы анықтама, төлемдер (айыппұлдар, салық).

Проактивті қызмет

Қаңтар айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады.

Пилоттық жоба іске қосылғаннан бері SMS-хабарлама арқылы 54-ке жуық әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы саласына қатысты қызметтер де проактивті принциппен ұсынылатын болады. Мемлекеттік қызметтерге проактивті тәсілмен қол жеткізу үшін азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін порталдағы жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне бекітуі тиіс.

Үшінші тұлғаға анықтама беру

Ақпан айында «Анықтамасыз қызмет» - «Paper free» (пэпер фри) сервисі іске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл сервисті қолдану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. «Анықтамасыз қызмет» механизіміне сәйкес мүдделі тұлға электрондық үкімет порталында авторизациядан өтуі тиіс. Сосын «Үшінші тұлғалардың анықтама алуы сервисі» бөлімін таңдап, қай азамат туралы мәлімет алғысы келеді соның жеке сәйкестендіру нөмірін жазуы тиіс. Егер азамат мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтама түрін таңдап, өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшінші тұлғаға мәлімет беру/бермеу жөнінде шешім қабылдауды сұрайды. Азамат екі сағаттың ішінде жауап беруі тиіс.

Онлайн төлем жүргізу.

Наурыз айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «SmartPay» (смартпэй) провайдерімен бірге пилоттық тәртіпте fastpay.kz (фэстпэй) онлайн-сервисін іске қосты. Енді қолма-қол ақшасыз есептесуді қалайтын азаматтар кең таралған 37 мемлекеттік қызметтің ақысын тек қана банк карталары арқылы ғана емес, «WebMoney» (вебмани), «Qiwi» (кэйвей) и «WalletOne» (Валетон) электрондық әмияндары арқылы да төлей алады.

Сондай-ақ fastpay.kz (фэстпэй) онлайн-сервисінің көмегімен:

көлік,

жер және мүлік салығын,

әкімшілік айыппұлдар мен жол ережесіне қатысты айыппұлдарды төлеуге болады.

Алдағы уақытта бұл тізім толыға түседі.

Жаңа сервис  - мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттырып, халыққа қызмет көрсету саласын цифровизациялауға жасалған кезекті қадам. Енді осы сервис іске қосылғандықтан, қызмет алушылар кассаға кезекке тұрмай-ақ, интернет желісі қосылған смартфон немесе басқа да гаджетпен www.fastpay.kz (фэстпэй) сайтына кіріп, тиесілі мемлекеттік қызметке шұғыл түрде төлем жасай алады. Төлем жасалған соң азаматтың электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті мен электрондық поштасына электрондық чек бекітілген хабарлама келіп түседі.

Онлайн тіркелу.

Сәуірден бастап қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Енді бұл үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті.

Бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.

Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, тіркелетін азамат өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиіс.Өтініш берілгеннен кейін деректер шамамен 10 минутта өңделеді, содан кейін тіркелген мекенжай бойынша анықтама алуға тапсырыс беруге болады. Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткізе алады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу рәсімі жеңілдетілді

Әділет министрлігі көрсететін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі шілдеден бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына өтті. Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша функциясы мемлекеттік корпорацияға берілсе, қызметтердің көрсетілу мерзімін және тіркеу барысындағы шығынды қысқартуға, сондай-ақ қызметтерді кешенді түрде алуға жол ашады. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мысалы, бұрын азамат жеке баспана салатын кезде мемлекеттік корпорация арқылы пайдалануға қабылдау актісінің негізінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне сәйкестендіру мәліметтерін енгізеді. Мәліметтерді жүйеге енгізген соң, бір жұмыс күнінен кейін меншік құқығын тіркеу үшін осы құжаттарды қайта тапсыратын еді. Енді бұл функциялар корпорацияға берілгеннен кейін, осы екі қызмет ХҚО арқылы бір өтінішпен ұсынылады.

Нотариалды куәландырылмаған шарттар мен құқықтарды тіркеу бойынша қызметті алу тәртібі де өзгерді. Бұрын қызмет алушы алдымен Әділет министрлігінің жергілікті бөлімшесіне барып, нотариалды куәландырылмаған шарттар бойынша қызметті алады, сосын корпорацияның фронт-офисіне барып, құқықтарды тіркеу үшін құжаттарды тапсырды. Қазіргі таңда азаматтар ХҚО-ға келіп, екі қызметті бір өтініш бойынша ала алады.Сондай-ақ, мәліметтерде қателіктер мен ақаулар кездесіп, ақпараттық жүйеге түзету енгізу керек болса, қызмет алушы Әділет министрлігінің бөлімшесіне бармай-ақ, сол жерде ХҚО операторының көмегімен жөндей алады.

Телеграм-бот

EgovKzBot телеграмм-боты арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізімі тағы екі қызметке толықты. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ іске қосқан бот арқылы бұған дейін 13 мемлекеттік қызмет пен сервис, соның ішінде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтік мәртебені тексеру мен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) кезекті брондау қызметтері қолжетімді болған.

Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасына» тіркелу қажет, яғни eGov.kz порталындағы жеке кабинетте телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекітіп, өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджерінде ботты іске қосу керек.

Сосын алдын-ала белгіленген командаларды жолдап, SMS-кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз. Сондай-ақ барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкіндігі де қарастырылған.

Мамандандырылған ХҚКО

2018 жылы Қазақстан Республикасы Тәуілсіздік күні мереке қарсаңында Атырау қаласында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы (Мамандандырылған ХҚКО) ашылды. Мамандандырылған ХҚКО қызметі – көліктерді тіркеу, қайта тіркеу, жүргізушілік куәліктері мен көліктерге мемлекеттік нөмірлерді берумен ерекшеленеді. Енді көліктерін тіркеуден өткізетін не жүргізушілік куәлігін алатын азаматтарға көрсетілетін қызмет уақыты қысқарып, 2 сағатты құрайды. Халықтың игілігі үшін салынған орталық Атырау-Астрахан тасжолының бойында арнайы бөлінген 4 гектар жерге 2571,96 шаршы метр көлемінде салынған. Ғимаратта жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті жүзеге асыруға тікелей қатысты МХҚКО қызметкерлерінен басқа, Ішкі істер департаменті Жол полиция басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары, психодиспансер, наркодиспансер, касса бөлімшелерінің қызметкерлері орналасқан.

Бетті дайындаған: Балнұр Сапарова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521