Ашық қоғамнан жемқорлық қашық жүреді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде пресс-тур өткізіліп, онда агенттікте енгізілген «Open space» технологиясы таныстырылды.

Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева аталған технологияның артықшылықтары, бюджет қаражатын үнемдеу және әкімшілік шығындарды оңтайландыру туралы әңгімеледі.«Жеке қасиеттерді дамыту, өзін жетілдіруге бағытталған құндылықтар жүйесі мен жоғары моралдық қалып бұл - Агенттік жүктеген кадрлық саясаттың маңызды басымдықтары саналады.«Өзгерістерді өзіңнен баста» принципін жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы Агенттікпен жаңа еңбекақы жүйесі сынақтан сәтті өткізілді. Ескі қызметтік куәліктен бас тартылып, дамыған елдердің үлгісінде ID карталар қолданылуда.Агенттіктің саясаты барынша қызметтің ашықтық принципіне негізделген. 2019 жылдан бастап Агенттіктің елордалық Департаменті өзінің форматын және кеңсесін өзгертті. Мемлекеттік басқару Академиясының ғимаратындағы Департаменттің жаңа кеңсесінде «Open space» технологиясы қарастырылған.Күні бүгінге дейін барлық қызметтер «кабинет форматында», яғни жабық түрде жүргізілетін.

Ал бүгінде Департамент мамандары ашық алаңда қызмет етеді» - деді Жазира Жылқышиева.Оның айтуынша алаңды қысқарту Агенттіктің орталық аппаратының штатын 30%-ға оңтайландыру есебінен жүргізілген.Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері ашықтық принципімен жұмыс істеуде. Егер бұрын басшының орынбасарлары және басқарма басшылары жеке кабинеттерге ие болса, бүгінде олар қызметкерлермен бірге бір алаңда қызмет етеді. Департаменттің штаттық саны 47-ден 32-ге дейін яғни 32%-ға оңтайландырылған. Кадр, заң қызметі, есеп және мемлекеттік сатып алу функциялары Агенттікке орталықтандырылды.«Бұрын 20%-дық оңтайландырудан ай сайынғы үстемеақы қызметкерлердің лауазымдық жалақыларынан 30% құраса, бүгінгі таңда 32%-дық оңтайландырудан үстемеақы 50%-ға көтерілді.Мәселен, қатардағы маманның негізгі лауазымдық жалақысы 220 мың теңгені құраса, ең төменгі 50% үстемеақы - 110 мың теңгені құрайды, бұл айына шамамен 330 мың теңге. Бұдан басқа, алаңдарды оңтайландыру және әкімшілік шығындарды үнемдеу есебінен жоғары тиімді қызметкерлерге 50%-дан жоғары қосымша көтермелеу белгілеуге мүмкіндік бар.Сонымен қатар өткен жылғы жұмыс тиімділігінің нәтижесі бойынша 4 және одан жоғары жалақы мөлшерінде бонустар қарастырылған», - деді ол.Жазира Жылқышиева бұрын Департаменттің «Есіл» ауданы әкімдігінің ғимаратында қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындары 14 млн. тг. құраса, қазіргі уақытта шығындар 4 есеге азайып, 3,5 млн. тг. құрағанын атап өтті. (коммуналдық қызметтерге кететін шығындар).

Сондай-ақ, Департаменттің ескі қаланың орталығына орын ауыстыруы өте қолайлы. Себебі, барлық қалаға қарасты мемлекеттік органдар, сонымен қатар әкімдік пен Агенттіктің «Астана адалдық алаңы» жоба кеңсесі елорда әкімдігінде орналасқан. «Әкімшілік шығындарды оңтайландырудың пайдасы мол. Тиімсіз және нәтижесіз қызметкерлер қысқартылды. Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігі артты. Мұның барлығы жұмыстың нәтижесіне оң әсер етті», - деп қорытындылады елордалық департамент басшысы Жазира Жылқышиева. Астанада жоба кеңсесінің ұсынуымен "Open space" форматында Сарыарқа ауданы әкімдігі де жұмыс істейді. Осы жылы тағы да елорданың бірнеше мемлекеттік органдарын реконструкциялау жоспарлануда. Және болашақта еліміздегі әр мемлекеттік мекеме азаматтар үшін қолайлы және ашықтық принципі бойынша жұмыс жасайтын болады.

Өз тілшіміз.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика