Егемендік еліме оңай келген жоқ

Биыл міне, ел тәуелсіздігіне 27 жыл. Тәуелсіздікке жету оңай жолмен келген жоқ. Бұл қазақ халқының арман-мұраттарының орындалуы.

Тәуелсіз мемлекетке айналу бізге үлкен күш береді. Өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып, өркендеуімізге жол ашылды. Халқымыздың қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында, одан кейінгі кезеңдерде де талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорып, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір сүрудеміз. Қанатын кеңге жайған көк туымыз желбіреп, Әнұранымыз әуен қосып, асқақтай шырқалуда. Ендік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың, жақсылығымыздың, тыныштығымыздың қиясы, махаббатымыздың ұясы-Қазақстан.

Талай хас батырлар жанын қиып, талай арулар махаббат құрбаны болған, өзегі өртенген өкінішті жылдар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз да Қазақстан. Тәуелсіздік жолында қазақ бабамыз не көрмеді. Басынан азап пен аштық, сұмдық соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата-бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшарлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалай толқымассың! Еліміз Тәуелсіздік алған 27 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, ел-жұртымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы күннен-күнге жақсаруда. Соның барлығы Елбасының көрегендігі, іскерлігі, сарабдалдығының арқасы.

Самат ЖАЙЛАШЕВ,

ардагер-ұстаз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521