Егеменді ел қорғаны – Қарулы күштер

Аудан орталығындағы Г.Канцев атындағы саябақта 7 мамыр - Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Г.Канцевті еске алуға арналған салтанатты жиын болып өтті.

«Егеменді ел қорғаны – Қарулы Күштер!» тақырыбындағы шара Г.Канцев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Келесі кезекте аудан әкімінің орынбасары Зұлқарнай Мұқаш- қа сөз кезегі берілді. -Құрметті салтанатты шараға қатысушылар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. Отан қор- ғаушылар күні – бұл Отанымыздың бүкіл тарихында тәуел- сіздігімізді қорғаған арыстарға құрмет көрсететін қастерлі күн.

Бұл күні еліміздің тыныштығын, халқымыздың амандығын кірпік қақпай қорғап жүрген Қарулы Күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүрген ерлерімізді де ұлықтайтын күн. Мемлекет басшысының ұдайы қамқорлығының арқасында жылдан-жылға — Қарулы Күштердің әлеуеті артып, жаңа техникалармен, білімді мамандармен толығып келеді. Әскер қатарындағы қызмет мыңдаған жастар үшін, оның ішінде әскери бөлімшелерде өзінің конституциялық және азаматтық парызын лайықты өтеп жүрген махамбеттік өрендер үшін де ерлік пен патриотизмнің тамаша мектебі болып табылады. Бірер күндерден соң Ұлы Жеңіс мерекесі тойланатын болады. Бұл мерекені бүкіл бейбітшілік сүйгіш адамзат тойлайды. Жеңіс күнін жақындат- қандардың арасында біздің жерлесіміз, мақтанышымыз Кеңес Одағының Батыры Г.Ф.Канцев – 1907 жылы Жаманқалада туылған. Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысқан, атқыштар взводының командирі болған. Нарево өзенінен өтерде ерекше ерлік көрсеткені үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Ленин», «Қызыл жұлдыз», «ІІІ Дәрежелі Даңқ» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталды.

Г.Канцев бейбіт өмірде де абыройлы еңбек етіп, ауданымыздың өркендеуіне өз үлесін қосқан азамат. Қазіргі таңда Махамбет ауылында Г.Канцев атындағы көше бар. «Ер есімі – ел есінде» дейді халық даналығы. Сөзімді қорыта келе, батырларымыздың рухы өшпей, даңқтары арта берсін дегім келеді, – деп сөзін аяқтаған З.Мұқаш ауданның қор- ғаныс істері жөніндегі бөлімінде және ұзақ жылдар мектепте жасөспірімдерге әскери патриоттық тәрбиені жетілдіріп, Отан қорғаушы жастарымыздың дайындығын сапалы ұйымдастырғаны үшін Райса Жұмағалиева мен Ирина Аймағанбетоваға аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті. Бұған қоса әскер қатарына аттанғалы отырған бір топ болашақ сарбаздарға аудан әкімінің атынан «Ақ тілек» хаты мен ескерткіш сыйлықтар та- бысталды. Г. Канцевтің ұрпақтары атынан сөз алған Елена Кохановская жиналғандарды мерекемен құттықтап, батыр атаға жылма-жыл көрсетілетін құрмет үшін алғысын білдірді. Махамбет ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жылқайдар Сұлтанов та ардагерлер атынан жүрекжарды лебізін білдірді. Аудан өнерпаздары Е.Ғафуров, И.Атшыбаев, Ә.Төлеуов, Б.Аруевалар мерекелік шарада әннен шашу шашты. Ақсақалды аталарымыз бен ақ шашты аналарымыздан құралған «Қазына» ардагерлер ансамблі «Бейбіт күн тілегі» әнін әуелете шырқаса, «Жауқазын» бөбекжайының бүлдіршіндері әдеби-сазды монтаж ұсынды.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521