Доссор көшелері адам танымастай өзгерді

Доссор кенті көшелеріне лайтбокс қондырылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту және ауылдардың инфрақұрылымын тұрақты дамыту – бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі. Осы ретте ауданда инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, кешенді түрде жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, ауданның 100 жылдығына орай аумақты абаттандыру мақсатында Доссор кентіне көше жарықтарының бағаналарын жарық-сәндік безендіру үшін М.Өтемісұлы, Ә.Мантаев, Ш.Еркешов, А.Нұрсейтов, Ж.Мұқтанов, О.Шаримов, Ғ.Сүлейменова көшелеріне 226 дана лайтбокс қондырылды. Сонымен қатар, М.Өтемісұлы көшесіне биіктігі 9 метр, ұзындығы 15 метр ЛЭД экран орналастырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT