БЖЗҚ-да "Ашық есік күні"

Фото: gov.kz

Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнін"өткізеді.

Күннің басты тақырыбы - "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар".

БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерін қалай дұрыс пайдалануға болады? Ол үшін не қажет? 2024 жылы қандай жаңалықтар қолжетімді болды?

Осы және өзге де сұрақтарға аталмыш іс-шара барысында Қор мамандары жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні " іс-шарасы онлайн-форматта 2024 жылдың 11 маусымы күні сағат 10-00 да өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://enpf.webex.com/weblink/register/rc64fb6b8dd3d26bfa92a54bbf7d00d9e бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2523 109 5165 және event-кеңестің паролін 12345 енгізіңіз.

"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнінде" өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521