Бүгін еріктілер күні

Ерікті (волонтер) – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы ...

Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Бір сөзбен айтқан кезде «еріктілер» адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топ.

Алғаш рет Махамбет ауданында 2019 жылы белсенді жас Дана Ғасырбекқызының бастамасымен "JARQYN BOLASHAQ" жастар қоғамдық бірлестігінің жанынан "Qulabyz" еріктілер жасағы құрылды. Елуге жуық жастар аталған жасақта мүшелік етуде. Олардың қырық шақтысы оқушылар мен студенттер ал оны әр түрлі салада қызмет етіп жүрген жас мамандар.

eriktiler5319

Жасақ құрылғалы бері "JARQYN BOLASHAQ" жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері еріктілерді қоғамдық белсенділікке баулу жолында түрлі ойын-сауық, тренинг, тимбилдингтер өткізсе, жасақ еріктілері аудан көлемінде өткізіліп жүрген түрлі спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға белсене араласып келеді.

eriktiler5119

Бүгінде "JARQYN BOLASHAQ" жастар қоғамдық бірлестігімен Махамбет аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметтік меморандум бекітіп, халық арасында қауіпсіздік жөніндегі алдын ала ескертпе жұмыстарын жүргізуде ат салысуда.

eriktiler5219

Биыл жастар жылы болса, келер жылы еріктілер жылы болып жарияланды. "Qulabyz" еріктілер жасағына «келер жылы алар асуларың көп болғай!» дейміз.

Кенжегүл Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521