Биылдан бастап кімдер салық төлемейді

1,2 миллион микро және шағын бизнес субъектісі үш жыл ішінде 380 миллиард теңгеден аса ақша үнемдейді.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығынан босатылды, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

"Заңнамаға сәйкес микро бизнес – 15 адамға дейін жұмысшысы бар және жылдық табысы 30 мың АЕК (79 миллион теңге) дейінгі жеке кәсіпкерлер, ал шағын бизнес – 100 адамға дейін жұмысшысы бар және жылдық табысы 300 мың АЕК-ке (795 миллион теңге) дейінгі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар", - деп түсіндірді министрлік.

Табысқа салынатын салыққа не жатады?

заңды тұлғалар үшін – корпоративтік табыс салығы;

жеке кәсіпкерлер үшін – жеке табыс салығы;

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – бірыңғай жер салығы; оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін – әлеуметтік салық. "Қалған салықтар мен төлемдер міндеттеме туындаған кезде төленеді", - делінген хабарламада.

Министрлік арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері салықтан босатылатынын еске салды. Олардың саны – 1,2 миллион. Нәтижесінде бизнес үш жыл ішінде 380 миллиард теңгеден аса ақша үнемдеп, қаражатты өз қызметін дамытуға жұмсай алады.

Кімдер салықтан босатылмайды

есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратындар; акцизделетін өнім өндіру және (немесе) көтерме саудада сату;

астық қабылдау пунктерінде астықты сақтау бойынша қызмет; лотерея өткізу;

ойын бизнесі саласындағы қызмет;

радиоактивті материалдар айналымына байланысты қызмет;

банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

аудиторлық қызмет; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

кредиттік бюролар қызметі; күзет қызметі;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызмет;

жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет, оның ішінде алтын іздеушілер қызметі;

пайдалы қазбаларды сату, оның ішінде трейдерлер қызметі, көмір, мұнай сату бойынша қызмет;

бензин, дизель отыны мен мазуттың, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бөлшек саудада сату;

сыртқы экономикалық қызмет.

Өткен жылдың соңында мемлекет басшысы микро және шағын бизнесті табыс салығынан үш жылға босатуды көздейтін заңға қол қойған еді.

Дереккөз:Sputniknews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT