Абайлаңыз, жұқа мұз!

Мұздан өтерде мұқият бол!

Күні кеше Атырауда бала суға кеткенін білдік. Әрине, өте өкінішті жағдай.

Енді мұздан өту жөніндегі ТЖ мамандарының қауіпсіздік шаралары туралы ақыл-кеңестеріне құлақ түрсек. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, мұз үстіне қас қарайған шақта, ауа райының қолайсыз кезінде мүлдем шықпау керек. Қазірдің өзінде қыс айларында мұз қатып, ауданымызда Жайықтағы мұздың қалыңдығы 23 см. Кейбір жерлерде қатпаған жылымдар да кездеседі.

Жайықтың арғы бетіне шықпақ болсаңыз, өткелмен өткен абзал. Бұл әлдеқайда қауіпсіз.Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге мүлдем болмайды. Мұздан өтерде салынған ізбен жүру керек. Егер із болмаса, айналаңызға мұқият қарап, жететін орынды біліп алған дұрыс. Топ болып, өтетін болсаңыздар, мұзға аса қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 м-дей арақашықтықты сақтау қажет. Сөмке асынсаңыз, тек бір иыққа асынған жөн, себебі, оны тастай салуға ыңғайлы болу үшін. Әрі мұзбен жүргенде өзіңмен бірге қатты арқан алып жүру керек. Оның бір ұшына ауыр салмақты зат байлап қойса, артық етпейді.

Серігің мұзға, ойыққа түсіп кетсе, арқанның ауыр жағын лақтырып, ол арқанды ұстап, ауыр затты қолтығына тығып тұрса, сіз оны өзіңізге қарай ақырын тарта аласыз. Қыста жаяу адамға адамға-10 см, автокөліктерге 25-30 см қалыңдықтағы мұзбен жүруге болады. Бұл көрсеткіш тек жұқа болса, әсте жоламаңыз.

Ата-аналар балаларын мұзға балық аулауға, шана, коньки, шаңғы тебуге қараусыз жібермегені абзал. Мұзға түсіп кетудің тағы бір себебі-алкогольдік ішімдік ішуден. Бұндай кезде адам қауіптен қаша алмай, қайғылы жағдайға душар болары сөзсіз.

Ата-аналарға айтарымыз, балаларына ие болып, бейсауат мұзға барып, ойнауына рұқсат етпегендері абзал.

«Жайық шұғыласы»-ақпарат

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT